Аппарат Алакольского районного маслихата
Ушарал +23 C°

Новости

Жылыту маусымы туралы

Категория: Новости
Дата: 13.08.2021
Просмотры: 49 Печать страницы
Жылыту маусымы туралы

13 тамыз 2021 жылы аудан әкімдігінің мәжіліс залында барлық санитарлық нормалар сақталына отырып, жетінші шақырылымдағы Алакөл аудандық мәслихатының кезекті № 11 сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына аудан әкімнің орынбасарлары, мекеме басшылары, күн тәртібіндегі мәселеге қатысты жауапты мекемелер өкілдері, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауыл, қала әкімдері онлайн түрінде және бұқаралық ақпарат құралдары қатысып отырды.

Сессияның күн тәртібінде:

1. Алакөл ауданы бойынша ағымдағы 2021-2022 жылға тұрғындарды жылумен қамтамасыз етуге жауапты мекемелердің жылыту маусымына дайындығы мен қызмет сапасы туралы» аудан әкімінің орынбасары Қанағатов Дәурен Орынбайұлының есебі

2.«Алакөл ауданы бойынша2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы»

3. Алакөл ауданының Лепсі ауылының бас жоспарын (сұлбалары) бекіту туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Қанағатов Дәурен Орынбайұлыныңесебі тыңдалып, депутаттархалықты мазалап жүрген мәселелер жөнінде сұрақтар қойып, осы мәселеге қазан айында қайта оралатындықтарын айтты.

Күн тәртібіндегі басқа мәселелер бойынша жоба бекітіліп, шешім шығарылды.


Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».