Аппарат Алакольского районного маслихата

Новости

Алтыншы шақырылған Алакөл аудандық мәслихаттың кеңейтілген тұрақты комиссиялары біріккен отырысының хаттамасы

Категория: Новости
Дата: 05.11.2018
Просмотры: 7 Печать страницы
Алтыншы шақырылған Алакөл аудандық мәслихаттың кеңейтілген тұрақты комиссиялары біріккен отырысының хаттамасы
Алтыншы шақырылған Алакөл аудандық мәслихаттың кеңейтілген тұрақты комиссиялары біріккен отырысының
хаттамасы

 

Үшарал қаласы                                                                           6 қазан 2018 жыл

 

         6 қазан 2018 жылы Алакөл аудандық мәслихатта аудандық мәслихаттың кеңейтілген тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті.Отырысқа  аудандық округ әкімдері, аудан ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелердің, бөлімдердің басшылары қатысты.
 
Төрағалық етуші: Жабжанов С.Р. – Алакөл аудандық мәслихат хатшысы
 
КҮН ТӘРТІБІ:
 
1 . ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың
әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау.
 
       Осы мәселе бойынша аудандық мәслихат хатшысы Жабжанов С.Р. баяндама жасады.
 
Жарыссөзге шыққандар:
1. Жуандықов Д. – аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы                                                                    
2. Төлеужанов М.- аудандық білім бөлімінің басшысы
3.Ботабаев А. – аудандық аурухана меңгерушісі
4.Омарбеков Е.Б- Жас Отан кенесінің төрағасы.
5.Жақыпбекова А.- «Арай» балабақшасының меңгерушісі
6.Талданбаев Ш.- сот төрағасы
7.Жұбаев К.- ауыл шаруашылығы бөлімі меңгерушісі
8. Байділдаев А.- мәслихаттың кадр жөнінен бас маманы
9.Нұрпейісов Е.- тұрғын үй және коммуналдық қызмет бөлімі меңгерушісі
10.Садиев А. – денешынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі
 
 
Тыңдалды:
Жабжанов С.Р.
Бүгінгі тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысында Елбасының халыққа жолдауын талқылап, оның елімізге қаншалықты маңызды екенін атап өттік. Ендігі кезекте, осы Жолдауды іске асыру барысында
Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін.
Шұғыл және бірінші кезектегі іске асырылатын тапсырмаларды анықтап, жұмыстарды бастауымыз қажет:
Елбасы Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны бір жарым есеге көтеруді тапсырды (28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін).
Бұл ауданның 80 мыңға жуық халқына тікелей қатысты, соның ішінде 4,3 мың бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, еңбекақы орта есеппен 35%-ке өседі дегенді білдіреді.
Аудан әкімінің орынбасары А.Чалкеновқа, экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне қаржы қажеттілігін анықтап, оны 2019 жылға арналған бюджетте қарастыруды тапсырылды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жыл сайын сомасы 30 млрд. теңгеге қосымша қаржыландыра отырып,2025 жылға дейін ұзарту тапсырылды.
Бағдарлама басталғаннан бері аудан кәсіпкерлері үшін 83 жобаны іске асыруға 7,5 млрд.теңгеге қолдау көрсетілген, жеті жүз он сегіз жұмыс орны ашылды.
Соның нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3 мыңнан асып, жергілікті бюджеттегі үлесі бір жыл ішінде 42,6% процентен 48,5% процентке өсті.
Аудан әкімінің орынбасары А.Ахановқа, кәсіпкерлік бөліміне кәсіпкерлерімізге қолдау көрсету мақсатында қосымша қаржы алу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырылды.
Жолдауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен табиғи монополиялар қызметтері үшін белгіленетін тарифтерді ретке келтіруге аса мән берілген.
Тарифтің жасалуы мен жиналған қаржыны жұмсаудың ашықтығын анықтауды әкімнің орынбасары А.Чалкеновқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне монополияға қарсы ведомствомен бірлесіп атқаруды ұсынылды.
Елбасы ішкі туризмнің дамуына баса назар аударуға тапсырма берді.
Аталған бағытта Алакөл көл жағалауындағы туризмді дамыту мақсатында үлкен жұмыстар атқарылып, нәтижесінде биылғы жылы туристердің саны бір миллионға жетті.
Аудан әкімінің орынбасары А.Ахановқа, кәсіпкерлік бөліміне ішкі туризмді одан әрі дамытуға бағытталған шараларды ұсыну қадап айтылды.
Біз агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыруымыз қажет.
Ондағы негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту.
Бүгінгі күні облыс бойынша өндірілген ауылшаруашылығы өнімінің 5 пайызын ауданымыз құрайды.
2016 жылдан бастап егіс алқаптарында қант қызылшасын өсіру қолға алынды. Осыған орай ауданда 2 сервистік дайындау орталығы құрылып, 2018 жылы қант қызылша көлемі 700 гектарға жетті.
Жылдан жылға мал шаруашылығы өнімі өсуде.
2018 жылы 200 тонна ірі қара мал еті, 3,8 тонна бал өнімі, 118 тонна балық өнімі экспорталды.
«Ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін арттыру» бағдарламасы аясында 2013 жылы «Архарлы Майбүйрек» серіктестігінде репродукторлық шаруашылық құрылып, шет елден әкелінген 5600 бас асыл тұқымды ірі қара малы 16630 басқа жетті.
2016-2017 жылдары «Шынжылы» шаруа қожалығында 3000 басқа арналған репродукторлық шаруашылық, «Қайынды» серіктестігінде 5000 басқа арналған мал бордақылау алаңы іске қосылып, аталған жобалар аясында 40 жұмыс орны ашылып, 2017 жылы 50 тонна, 2018 жылы 200 тонна ірі қара малы еті экспортталды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы қуаттылығы 10 мың бас ірі қара малын соятын шағын ет өңдеу цехі («Қайыңды» ЖШС) қараша айында қолданысқа беріледі.
Аталған жобадан 435 млн. теңгенің инвестициясы тартылып, 40 жұмыс орны ашылады.
Аудан әкімінің орынбасары А.Ахановқа, ауылшаруашылығы бөліміне қысқа мерзім ішінде өңірлік агро-өнеркәсіптік кешенін дамытудың бағдарламасын әзірлеуді тапсырылды.
Тағы да бір маңызды мәселелердің бірі бала өмірінің қауіпсіздігі.
Білім беру нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 45 мектепте 567 және 17 балабақшада 150 бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Жыл соңына дейін 13 млн.теңгеге қосымша 200-ден астам бақылау камералары орнатылады.
Аудан әкімінің орынбасары А.Чалкеновқа, Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі және білім бөлімі бөліміне білім беру мекемелерінің 100 пайызға бақылау камераларымен қамтамасыз ету үшін 2019 жылдың бюджетіне қажетті қаражат қарастырылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Елбасы дәстүрлі жолдауында: «Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады. Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын», - деп атап өтті. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс.
Осыған орай аудан әкімінің орынбасары А.Абдиновқа, денсаулық сақтау мекемесіне тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауда, кезектерді, бюрократияны жоюда, қызмет көрсету сапасын арттыруда нақты шаралар қабылдау тапсырылды.
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру қолға алынуда.
Келесі жылы тиімсіз шығындарды оңтайландыру есебінен төменгі және орта буындағы қызметкерлердің жалақысы 2 - 2,5 есе өсіру қарастырылып отыр.
Аудан әкімінің орынбасары А.Чалкеновке, аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Сүлейменовке 1 айлық мерзім ішінде мемлекеттік аппаратты оңтайландыру арқылы, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек ақы төлеудің жаңа моделін қалыптастыруды тапсырылды.
Жолдауда өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруға ерекше мән берілді.
Бұл қолжетімді тұрғын үй, әсем және қауіпсіз аула, сапалы инфрақұрылым.
Ауданда 1345 адам тұрғын үй алу кезегінде тұр және 839 адам – жер учаскелеріне (оның 604-і Үшарал қаласында).
«7-20-25» бағдарламасы басталды, алайда әлі күнге дейін сатып алушылардың толық пулы қалыптастырылмаған.
Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жалдамалы және несиелік тұрғын үйлердің іске қосылуын ұлғайту қажет.
Аудан әкімінің орынбасары А.Чалкеновқа тұрғын үй салу үшін жеке инвесторларды тарту мәселесін пысықтауды, сондай-ақ жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау бойынша ұсыныс енгізуді тапсырылды.
Енді инфрақұрылымды дамытуға қатысты.
Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылды.
Бүгінгі күні 56 елді мекеннің 43-сі орталық сумен жабдықталған(76,7%).
Жыл соңына дейін тағы 2 ауыл сапалы ауыз суға қол жеткізеді, қамту деңгейі 82,1%-ке жетеді. Бұл облыстағы үздік көрсеткіш.
Республика бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасын қалыптастыру барысында Алакөл ауданы бойынша жалпы 333 шақырым республикалық маңыздағы автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары басталып, 2021 жылы пайдалануға беріледі (Үшарал – Достық – 184, Талдықорған – Өскемен – 149 шақырым). Аталған жобалар іске асқан жағдайда аудан экономикасының және туризм саласының дамуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Жергілікті маңызы бар жолдардың құрылысы мен жөндеуге жыл сайын 400 млн.теңгеден астам қаржы бөлінеді.
Бұл өз кезегінде елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, Жолдаудың аясында әрбір өңір мен ірі қаланың бәсекеге қабілеттіліктің қолда бар басымдықтарын ескеріп, өзіндік орнықты экономикалық өсу және жұмыспен қамту моделіне сүйеніп, елімізде аумақтық дамытудың жаңа тәсілдерін енгізу көзделуде.
Бұл аспектілердің барлығы Өңірлерді 2025 жылға дейін дамытудың жаңа бағдарламасында ескерілетін болады, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларын іске асыру мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылады.
Аудан әкімінің орынбасары А.Чалкеновқа елді мекеннің перспективалық даму жоспарларын ескере отырып, қосымша инфрақұрылымдық жобалар тізбесін құруды, сондай-ақ бұл секторға жеке инвесторларды тарту үшін жағдай жасауды тапсырылды.
Елбасының жолдауы аясында еліміз бойынша 100-ге жуық спорттық-сауықтыру кешенін салу тапсырылды.
Осыған орай, Үшарал қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында құны 550 млн.теңгеге 1спорттық-сауықтыру кешені қолданысқа берілді, сонымен қатар Достық ауылында осындай тағы да бір кешеннің жобалау сметалық құжаттары дайындалуда (14,5 млн.теңгеге).
Аудан әкімінің орынбасарлары А.Чалкеновке, А.Абдиновке, құрылыс және спорт бөлімі басшыларына әр елді мекенді спорт алаңдарымен қамтамасыз етуге және Достық ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінің жобалау сметалық құжаттарын аяқтап, құрылысын салуға бюджеттік өтінім беруді тапсырылды.
Округ әкімдеріне тұрғындарға жайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын жалғастырылсын.
Қауіпсіздік- тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі болып саналады.
Осы орайда, қоғам құқық қорғау органдарының, ең алдымен, полиция жұмысының түбегейлі жақсаруын күтіп отыр.
Қазіргі таңда ішкі істер бөлімінің материалдық-техникалық базасы жылдан жылға нығаюда. Атап айтсам, өткен жылы 6 елді мекенде полиция пункті жапсарлас тұрғын үйімен қамтамасыз етілсе, үстіміздегі жылы 13 елді мекенде қолданысқа беру жоспарымызда.
Сонымен қатар, ішкі істер қызметкерлері арнайы автокөліктермен және бейне бақылау қондырғылармен қамтылған.
Ендігі жерде қоғам тарапынан білдірілген сенім деңгейі және халықтың өзін қауіпсіз сезінуі полиция жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдері болуға тиіс.
Аудан әкімінің орынбасары А.Чалкеновке, Ішкі істер бөліміне халыққа қызмет көрсету орталықтарының қағидаты бойынша азаматтарды қабылдау үшін қолайлы жағдай жасауға ұсыныс енгізуді тапсырылды.
Мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей байланысын азайту үшін қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 50%-ке жуығы электронды форматқа ауыстырылды. 2019 жылы аталған көрсеткішті 80%-ке, ал 2020 жылыкемінде 90%-ке жеткізу қажет.
Тағы бір маңызды бағыт жер қатынастары мен құрылыс саласында бюрократтық рәсімдерді қысқарту болып табылады.
Осы мақсатта Елбасы жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырды.
Облыста 2015 жылдан бастап электронды жер картасы жұмыс істейді, оған жерлердің барлық жеті санаты енгізіліп, олардың орналасқан орындары, нысаналы мақсаты көрсетілген. Бізде де дайын база бар.
Аудан әкімінің орынбасары А.Ахановқа, жер қатынастары бөліміне, қала, ауыл әкімдеріне біріктіру жолымен жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырылды.
Президент айтып өткендей, жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс.
Келесі жыл Жастар жылы болып жарияланды.
Сонымен қатар, ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту үшін "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы іске қосылады. Аудан, қалаларда балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн, мектеп туризмін қайта жаңғырту керек.
Елбасымыз әрбір Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келеді.
Біз Жолдаудағы міндеттерді іске асыру бойынша барлық нақты шараларды қабылдаймыз.
Аудан әкімінің орынбасары А.Абдиновқа, аудандық ішкі саясат бөліміне, округ әкімдеріне Елбасының Жолдауын түсіндіру, аудан тұрғындарымен кездесулер өткізу мақсатында ақпарат топтарын құрып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және оған ақпараттық қолдау көрсетуді тапсырылды.

 

Төрағасы        Жабжанов С.Р.

Хатшылары   Қойшыманов Ө.Т.

                          Қасымжанова А


Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».