Аппарат Алакольского районного маслихата

Проведенные сессии

22 шілде 2019 жылы Үшарал қаласы әкімдіктің ғимаратында алтыншы шақырылған Алакөл аудандық мәслихаттың кезекті елу бесінші сессиясы болып өтті

Категория: Проведенные сессии
Дата: 22.07.2019
Просмотры: 33 Печать страницы
22 шілде 2019 жылы Үшарал қаласы әкімдіктің ғимаратында алтыншы шақырылған Алакөл аудандық мәслихаттың кезекті елу бесінші сессиясы болып өтті

22 шілде 2019 жылы Үшарал қаласы әкімдіктің ғимаратында

алтыншы шақырылған Алакөл аудандық мәслихаттың кезекті елу бесінші сессиясы болып өтті.

Мәслихат сессиясына аудандық мәслихат депутаттарынан басқа, аудан әкімі Жақанбаев Әлібек Әскербекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудан ақсақалдары, аудандағы бөлім және мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылып, қатысып отырды.

Сессияның күн тәртібінде 4 мәселе қаралды:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес «Алакөл аудан әкімі Жақанбаев Әлібек Әскербекұлының 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» мәслихат депутаттарының алдындағы есебі

2. Алакөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қаңтардағы «Алакөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №26-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

3.Алакөл ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы

4. Алакөл аудандық мәслихатының келесі сессиясының төрағасын сайлау туралы мәселелер қаралды.

Жарыссөзге ардагерлер атынан Арапов Мейірман Арапұлы, Алакөл аудандық аналар кеңесі төрайымы Дүйсебаева Ұлжалғас Бурасанқызы, «Қазпошта» Акционерлік Қоғамы Алакөл аудандық пошта байланыс торабының басшысы, мәслихат депутаты Қатықбаев Қайрат Әділханұлы шығып сөйледі. Сонымен қатар Елбасымыз биыл 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланғандықтан Алтынай Қалиқызы аудан жастары атынан әкімге алғыстарын жеткізді..

Күн тәртібінде қаралып отырған мәселелер толығымен оң шешімін тауып, Алакөл ауданы әкімі Әлібек Әскербекұлы Жақанбаевтың 2019 жылдың І жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәслихат депутаттары алдындағы есебіне «қанағаттанарлық» деген баға берілді.

 


Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».