Аппарат Алакольского районного маслихата
Ушарал +29 C°

История и становление районного маслихата

История Алакольского района

Категория: История и становление районного маслихата
Дата: 10.01.2015
Просмотры: 990 Печать страницы
История Алакольского района

Алакөл ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда орталығы Үшарал қаласы болып құрылған. Дәл сол жылы 17 шілдеде Андреевка ауданы да құрылды.

1992 жылғы 1-ші қаңтардағы жағдай бойынша аудан құрамына 15 ауылдық кеңес, Достық кенттік кеңесі және Үшарал қаласы кірді.

1997 жылы 22 сәуірде Талдықорған облысының қысқартылуының нәтижесінде Алакөл ауданы Алматы облысының құрамына кіргізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 23 мамырдағы Қаулысымен аудан құрамына қысқартылған Үйгентас ауданының аумағы қосылды.

1-ші шілде 1997 жылы аудан құрамына 22 ауылдық, 1 кенттік және 1 қалалық округтер аумағы кірді.

 

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Алакөл ауданы Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан және аумағы 56 елді мекенді қамтыған 23,7 мың шаршы километрді алып жатыр. Солтүстік және солтүстік-шығысында аудан шекарасы Шығыс-Қазақстан облысымен, батыста Сарқан ауданымен, ал оңтүстігінде Қытай Халық Республикасымен шектеседі.

Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымына қалалық, кенттік және 22 ауылдық округтер кіреді. Әкімшілік орталығы – 19,4 мыңға жуық халқы бар Үшарал қаласы.

2012 жылғы 1-ші қаңтарға аудан халқы саны 74,841 мың адамды құрады. Ауданда 24 ұлттар мен халықтар тұрады. Жалпы халықтың негізін қазақтар (79,7%) және орыстар(18,2%) құрайды.

Аудан арқылы өтетін Ақтоғай-Достық темір жолы тарамының бойында ірі Бескөл және Достық бекеттері орналасқан. Темір жолдың жалпы эксплуатациялық ұзындығы - 300 км. Аудан арқылы ұзындығы 700 км құрайтын, қатты қабатты республикалық маңызы бар Алматы–Өскемен, Алматы–Үшарал–Достық автотрассасы өтеді.

Ауданда богаралық және суармалы жерлерді игеру жақсы жолға қойылған. Дәнді дақылдар, картоп, қытай бұршағы және күнбағыс өсіріледі. Қой өсіру және ет, сүт өндіру жақсы дамыған.

Аудан аумағында 1998 жылы 5 сәуірде ашылған Алакөл қорығы орналасқан. Қорық аумағына Алакөл көлінің сулы-батпақты алқабы, Сасықкөл айдыны, Аралтөбе және Шұбартүбек аралдары кіреді. Қорықта 200-ден астам түрлі құстар, оның ішінде реликті шағала мекен етеді.

Алакөл көлінің жағалауында «Шағала», «Жалын», «Алакөль» демалыс аймақтары, жеке үйлер мен қонақ үйлер орналасқан.

Ауданда банктердің 5 филиалы жұмыс істеуде(Қазыналық, Халық банк, Тұран Әлем банк, Казкоммерцбанк, Альянс банк).

 

ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Құрылыс саласы бойынша өткен жылы барлық көлемі 10090 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер кіріске алынып, 2011 жылмен салыстырғанда 146%-ға немесе 3187 шаршы метрге артық орындалды. Құрылыс жұмыстарының көлемі, өткен жылмен салыстырғанда 110,6% орындалып 6млрд.770млн.теңгені құрады.

«Қол жетімді баспана -2020» бағдарламасы бойынша Достық кентінде тұрғын үй салынатын жердің инженерлік инфрақұрылымын жайластыру,

Бұлақты ауылында 2-ші 48 пәтерлі тұрғын үйдің, Достық кентіндегі емхана ғимаратын 12 пәтерлі тұрғын үйге жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, нысандар пайдалануға берілді.

«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасының негізінде, 6 көппәтерлі үй кірген кондоминиум құрылып, 2012 жылы Үшарал қаласында 3 көп қабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарына 18 млн.25 мың теңге қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданымыз Қытай мен Ресей арасындағы көлік байланысы дәлізі болып табылады, және де қазақстандық экспорттық тауарлары Достық бекеті арқылы Қытайға, одан әрі басқа да елдерге шығарылады.

Ауданымызда ұялы байланыс түрлері және «Интернет» байланысы жақсы орнатылған.


Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».